Атырау, 17 сәуір 01:00
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Қос жол-көлік апаты

1 511 просмотра

18 мамырда сағат 16:45 шамасында Амандосов пен Майлин көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды.

Полиция департаменті хабарлағандай, Nissan Teana мен Chevrolet Cobalt көліктері соқтығысқан. «Шевроле» екпінмен қоршауға соғылып, Амандосов көшесіндегі №73-үйдің ауласынан бір шыққан. Бағына қарай, жарақат алғандар жоқ. Полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Сол күні сағат 18 шамасында Тайманов көшесіндегі «Арна» жанармай құю бекеті жанында Shacman жүк көлігінің 30 жастағы жүргізушісі басты жолға шықпақ болып бұрылған кезде, шам бағанасына соқтығысты. Жарақат алғандар жоқ, келтірілген материалдық шығын анықталып жатыр.

Айнұр САПАРОВА

ПД ұсынған суреттер

19 мамыр 2022, 21:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.