Атырау, 20 сәуір 06:06
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Рзабек Артығалиев ТШО-дан кетіп жатыр

1 967 просмотра

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) компания басшылығындағы алдағы өзгерістер туралы ресми түрде хабарлайды, делінген компанияның сайтында.

1 маусымнан бастап Көңілқош Сүйесінов компания бас директорының орынбасары болып тағайындалады. К.Сүйесіновтың аталған лауазымға тағайындалуына оның «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) атынан халықаралық мұнай және газ жобаларында жетекші басшылық лауазымдарда болған елеулі тәжірибесі негіз болды.  

ТШО бас директорының орынбасары Айбек Қрамбаев 1 маусымнан бастап, басқа жұмысқа ауысады. Айбек ТШО-да еңбек еткен екі жылдан астам уақытта компанияның мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын нығайтып, COVID-19 пандемиясы кезіндегі дағдарысты жағдайды реттеуге жетекшілік етті және қызметтің басқа да басым бағыттарына жауап беріп, қазақстандық қамтуды дамытуға қолдау көрсетті.  

ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің (ҮЖББ) бас менеджері Рзабек Артығалиев кәсіпорындағы 21 жылға жуық мінсіз қызметінен кейін зейнеткерлік демалысқа шығу жөнінде шешім  қабылдады. Соңғы 12 жылда ҮЖББ бас менеджері лауазымында болған ол ҚР мемлекеттік органдары құрамындағы негізгі мүдделі тараптармен, компания қызметін жүргізетін аймақтағы жергілікті тұрғындармен және ТШО ұжымымен серіктестік қарым-қатынасты тиімді жүргізуге зор үлес қосты. 

«Мен әріптестеріме, серіктестеріме, Атырау облысының тұрғындарына белсенді  қарым-қатынас және өзара түсіністік үшін ризашылығымды білдіремін. Отбасыма көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді және де болашақта оларға барынша көп уақыт бөлемін деген ойдамын», - деп атап өтті Рзабек Артығалиев.

1 маусымнан бастап Дәрмен Аронов ТШО-ның ҮЖЖБ бөлімінің бас менеджері қызметіне кіріседі. Дәрменнің ҮЖЖБ бөлімінің бас менеджері лауазымына тағайындалуына оның соңғы 24 жылда халықаралық мұнай-газ жобаларында қол жеткізген кәсіби тәжірибесі мен біліктілігі  негіз болды.   Ол соңғы 14 жылда ҚМГ-да түрлі басшылық қызметтер атқарды,   ал соңғы екі жылда ҚМГ-дағы Теңіз жобасы департаментіне басшылық етті.

«Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары қызметін қабылдаушы Көңілқош Сүйесінов:«Теңізшевройл Қазақстан экономикасы мен оның әл-ауқатына зор үлес қосудың жарқын үлгісі болып табылады.Мен үшін Қазақстан Республикасының және оның акционерлерінің игілігі үшін компанияның дамуына  үлес қосу үлкен мәртебе»,-дейді.

19 мамыр 2022, 21:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.