Атырау, 2 мамыр 00:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Мектеп директоры кәсіпкерлікпен айналысқан

1 399 рет қаралды

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу фактілерін анықтау мақсатында мониторинг жүргізді. Осындай 9 факті анықталып, заң бұзушыларға жалпы сомасы 3,8 млн теңге айыппұл салынды.

Мәселен, Атыраудағы орта мектептердің бірінің директоры директорлықты бизнеспен ұштастырып, одан 2021 жылы 190 мың теңге табыс тапқан.

- Лауазымды тұлғаның 190 000 теңге көлеміндегі заңсыз кірісі тәркіленіп, 428 820 теңге әкімшілік айыппұл салынды, - деп хабарлады жергілікті Антикор.

Еске салсақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер кәсіпкерлік немесе өзге де ақы төленетін қызметпен айналыса алмайды, сондай-ақ коммерциялық ұйымды басқаруға қатыса алмайды.

Айнұр САПАРОВА

19 мамыр 2022, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.