Атырау, 24 желтоқсан 18:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

АЕК пен ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

1 594 рет қаралды

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгеріс пен толықтыруларды түсіндіріп, баспасөз хабарламасын таратты.  Атап айтқанда, 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін және ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеден 37 389 теңгеге дейін өсті.

Бұл екі көрсеткіш барлық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қолданылады. Осыны ескере отырып, 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылардың мөлшері қосымша 4%-ға арттырылды.

Айыппұл санкциялары, салық  басқа да төлемдер үшін бұрынғы 3 063 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 мамыр 2022, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.