Атырау, 24 қараша 17:58
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әскери сарапшы Ресей әскерінің әлсіздігін мойындағандай болды

1 058 просмотра

Отставкадағы полковник және әскери сарапшы Михаил Ходаренко "Россия-1" телеарнасындағы "60 минут" бағдарламасында Ресейдің Украинадағы "арнайы операциясына" күмәнмен қарады, - деп хабарлайды tengrinews.kz Meduza басылымына сілтеме жасап.

Бағдарламаның тұрақты қонағы ресейлік әскер үшін Украинадағы жағдай нашарлай беретінін және "ол жағдайдан шығу керегін" айтады.  

Сарапшы Украинадағы жұмылдыру және Киевке заманауи қару-жарақ жеткізуге байланысты алаңдаушылық білдірді. 

"Жалпы стратегиялық жағдай бойынша, Украинаның қарулы күші бір миллион адамға қару ұстата алады... Америкалық ленд-лиз бен еуропалық көмек жұмыс істей бастаса, миллион украиналық әскери сарбаз болады. Ал біз оны жедел-стратегиялық есептеулерде және бұл жоспар бойынша жағдай ушыға бастайтынын ескеруіміз керек.
... Біз үшін ең басты кемшілік - біздің әскери-саяси жағдайымыз, геосаяси тұрғыда жалғыздығымыз, айтқымыз келмегенімен, бізге жалпы бүкіл әлем қарсы болып отыр... Бізге 42 ел коалициясы қарсы тұрғанда жағдайды жай қабылдауға болмайды, ал біздің әскери-саяси және әскери-техникалық мүмкіндігіміз дегенмен шектеулі. Ол жағдайдан қалай болсын шығуымыз керек", - деді Ходаренко. 

Ходаренконың бұл мәлімдемесі Батыс және украиналық БАҚ-та қызу талқыға түсті:

Newsweek: Ресейліктер мемлекеттік телеарна арқылы Украинадағы соғыстағы жағдайлары мәз емес екенін біліп, таңғалды. 

УНИАН: Полковник РФ капиляциясын болжады, Скабеева ашулы. 

The Telegraph: "Бізге бүкіл әлем қарсы": ресейлік полковник Кремльдегі әскери көлікке қарсы пікір айтты. 

19 мамыр 2022, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.