Атырау, 20 сәуір 02:04
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Бақылау-касса машиналары кімдерге міндеттеледі

930 просмотра

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде бақылау-касса машиналары кімге міндеттелетіні туралы айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдау тәртібі Салық кодексінің 165-169 баптарында айқындалған. Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.

Ақшалай есеп айырысулар – қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар.

Осылайша, ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде барлық салық төлеушілер БКМ қолдануға міндетті.

Мына тұлғалар БКМ қолданудан босатылған:

  • жеке тұлғалар;

  • жеке сот орындаушылар, адвокаттар мен медиаторлар;

  • уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, халыққа қызмет көрсетіп, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдаушылар;

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;

  • қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілер;

  • екінші деңгейдегі банктер;

  • діни бірлестіктері;

  • ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, ақшалай есеп айырысулары кезінде Ұлттық пошта операторлары;

  • арнаулы мобильді қосымша («e-Salyq Business» мобильді қосымшасы) арқылы жүргізілетін ақшалай есеп айырысулар бойынша кәсіпкерлер.

Қызметін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлерде жүргізетін кәсіпкерлер ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректер беру функциясы жоқ БКМ қолданады.

Комитет өкілінің айтуынша, төлемді қолма-қол ақшасыз тәсілмен, банктік шотқа аудару жолымен жүзеге асырған жағдайда БКМ қолдану бойынша міндеттеме туындамайды.

Бұл ретте БКМ қолданбаған кезде ҚР ӘҚБтК нормаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Осындай заң бұзушылық бірінші рет жасалса, «ескерту» беріледі. Егер бір жыл ішінде қайталанып жасалса, онда салық төлеушінің кәсіпкерлік өлшемділігіне (шағын, орта, ірі) байланысты 15 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі айыппұл салынады.

19 мамыр 2022, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.