Атырау, 16 сәуір 18:41
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Алаяқтар онлайн несие рәсімдеген

1 110 просмотра

Соңғы кезде онлайн несие беретін микроқаржы ұйымдарының саны көбейді. Ол жерден несие алу әлдеқайда тез және өте оңай, сондықтан да мұны алаяқтар жиі пайдаланады.

- Алаяқтар ештеңеге күдіктенбейтін азаматтарға микроқаржылық ұйымдардан онлайн-несие ресімдеуде. Бұл туралы олар өздерінің банктік шоттары бұғатталған кезде немесе сот орындаушыларынан қоңырау түскен кезде біледі, - дейді Атырау облысы прокурорының орынбасары Абзал ҒИЛЫМ.

Мысалы, Ч. деген азамат бөтен адамдардың жеке мәліметін пайдаланып, Атырау қаласындағы микроқаржылық ұйымдардың бірінен түрлі адамдарға 97 онлайн-несиені заңсыз ресімдеген. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда.

Осыған байланысты Атырау облысының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және бейтаныс адамдарға өздерінің дербес деректерін (ЖСН, жеке куәлік нөмірлерін және т.б.) жолдамауға, әлеуметтік желіде төлем карталарының деректемелерін жарияламауға, күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің банктік карталарының деректерін енгізбеуге кеңес береді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 мамыр 2022, 23:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.