Атырау, 29 наурыз 20:39
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ұлттық банк теңгенің неге нығайып жатқанын түсіндірді

919 просмотра

Сәуірде жаһандық қаржы нарығындағы белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан, теңгенің бағамы 1 доллар үшін 445,62 теңгеге дейін немесе 4,6%-ға нығайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның пайымынша, сәуір ішінде шетел валютасына деген сұраныс айтарлықтай төмендеген. Қазақстан қор биржасында сауда-саттықтың орташа күндік көлемі сауда-саттықтың жалпы көлемі 1,9 млрд АҚШ доллары болғанда 179 млн АҚШ долларынан 92 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. 

«Шетел валютасына сұраныстың төмендеуі, ең алдымен, логистикалық тізбектердің тоқтатылуы және жеткізудегі ықтимал үзілістер нәтижесінде импорттың, оның ішінде Ресей импортының төмендеуіне байланысты болды. Сонымен қатар, қазіргі жағдайды ескере келе, Ресей Федерациясының белгілі бір өнім түрлерінің экспортына шектеу шараларын қолдану жағдайында импортты басқа нарықтарға қайта бағыттауға болады, бұл белгілі бір уақытты қажет етеді», - деді спикер. 

Ол сыртқы нарықта белгісіздіктің сақталуы нарық қатысушылары белсенділігінің төмендеуіне ықпал етеиінін атап өтті. Жалпы алғанда, нарықтағы сентимент өзгеріп, жеке тұлғалардың тарапынан сұраныс тұрақтаған, бұл да теңгенің бағамына оң әсер етеді. Ал теңгедегі активтерді қорғау шаралары мен Ұлттық Банктің мөлшерлемені 14%-ға дейін көтеруі – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және теңгедегі депозиттердің тартымдылығын қолдауға ықпал етеді. Геосаяси жағдай мен айырбастау бағамының құбылмалылығы аясында банк жүйесіндегі долларлану деңгейі 2022 жылғы ақпанда көбінесе бағамды қайта бағалауға байланысты 38,4%-ға дейін ұлғайды. Алайда, наурызда долларлану 36,9%-ға төмендеді», - Әлия Мейірбекқызы. 

Ол теңгенің нығаюына әсер еткен басқа да факторды айтсақ, ол – капиталды бақылау және экспорттаушылардың валюталық түсімді міндетті түрде сату бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде Ресей рублі бағамының қалпына келуі. «Сәуір ішінде ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтануы аясында Ұлттық Банк валюталық интервенция жүргізген жоқ. Сонымен қатар іргелі факторлармен бекітілмеген ұлттық валюта бағамының қысқа мерзімді ауытқулары болған жағдайда сату жағынан, сол сияқты сатып алу жағынан Ұлттық банк валюта нарығына қатысуы мүмкін екенін атап өтеміз. 

Бұл ретте Ұлттық банк теңгенің орынды түрдегі құбылмалылығын шектемейді», - деді банк төрағасаның орынбасары. Оның айтуынша, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімін сатуы Қазақстанның валюта нарығына біраз қолдау көрсетті, олар шамамен 253 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сату сәуірде 168 млн АҚШ долларына жетті. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 8,7%-ы болды. Айта кетейік, мамырдың басында теңгенің бағамы 432,79 дейін нығаюын жалғастырды, осылайша жыл басынан бері ұлттық валютаның әлсіреуі небәрі 0,2%-ды құрады.

18 мамыр 2022, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.