Атырау, 24 сәуір 05:34
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Есеп комитетінің тексерісінен кейін 20-дан астам лауазымды тұлға жазаланды

1 136 просмотра

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің арнайы экономикалық аймақтар қызметін тексергенінен кейін 20-дан астам лауазымды тұлға жазаланды, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«2021 жылғы маусымда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) қызметі тиімділігінің мемлекеттік аудитін аяқтады. Аудит барысында АЭА қызметін реттейтін заңнаманы бұзу анықталды. Атап айтқанда, АЭА қатысушылары туралы мәліметтерді өзектендірудің тәртібі мен кезеңділігі регламенттелмеген, АЭА-ның 2020 жылғы қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілмеген, құрылған АЭА-ның даму стратегиялары уақтылы келісілмеген. Осыған байланысты, Есеп комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Осылайша, міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 24 лауазымды адам жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады сейсенбіде ЕК.

Оның ішінде: 12 лауазымды адамға «сөгіс» түрінде, 11 лауазымды адамға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды, 1 лауазымды тұлға жұмыстан босатылды.

«Сондай-ақ, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан және Павлодар облыстарының, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған АЭА даму көрсеткіштерін 2021-2025 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізу бойынша шаралар қабылдады. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тапсырманы орындауы бақылауда.«Алатау» технопаркі» ЖШС-нің осы қызметтерді ұсыну практикасын ескере отырып, АЭА қатысушыларына өндірістік модульдерді жалға беру бойынша қызметтерді ұсыну мәселесі АЭА-ның барлық басқарушы компанияларымен қаралды», - делінген хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, АЭА-ның барлық 9 басқарушы компаниялары («Астана – Технополис», «Сарыарқа», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі», «Ақтау теңіз порты», «Қорғас» – Шығыс қақпасы», «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы», «Алатау» технопаркі» ЖШС, «Оңтүстік», «TURKISTAN») объектілерді пайдалануға беруді кешіктіруге әкеп соққан, АЭА-да құрылыс жұмыстарын уақтылы және тиісінше орындамауға жол берген АЭА қатысушыларымен шарттарды бұзу бойынша тапсырма орындалды, сондай-ақ қосымша келісімдер жасалды және АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарда көрсетілген объектілерді жобалау және пайдалануға беру мерзімдері қайта қаралды.

«Осы кезеңде келісімдерді дайындау бойынша жұмысты жалғастырып жатқан «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АЭА басқарушы компаниясы» АҚ-ны қоспағанда, АЭА-ның барлық басқарушы компаниялары АЭА қатысушыларының білікті кадрлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ АЭА қатысушылары жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру үшін мамандарды даярлау/қайта даярлау бойынша дуальді оқыту шеңберінде білім беру және оқу орындарымен ынтымақтастығына арналған жағдайларды қамтамасыз етті», - деп хабарлады ЕК.

18 мамыр 2022, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.