Атырау, 29 наурыз 16:27
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

860 просмотра

Qnet желілік компаниясына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Қазақстан арнасы.

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады.

Аталған компанияға Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша яғни, қаржылық инвестициялық пирамиданы құрды және оған басшылық етті деген айып тағылып отыр. Тергеу барысы ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Айта кетейік, компания желілік маркетинг жүргізеді, онда адамдар түрлі зергерлік бұйымдар мен басқа да тауарларды сатумен айналысады. Бастапқы салым сомасы – 30 доллар. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарына азаматтардан 220 шағым тіркелген. Келген шығын көлемі 160 млн теңгеден асып жығылады.

18 мамыр 2022, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.