Атырау, 26 сәуір 09:57
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл толуына орай коллекциялық монета әзірленді

754 просмотра

Бүгін дарынды композитор және әнші Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл толады. Осыған орай Қазақстан Ұлттық банкі Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Street art. BATYR BEINESI жаңа монетасы заманауи өнер мен Батырхан Шүкеновті мәңгі есте қалдыру секілді бірден екі мағыналық желіні біріктіреді. Бұл – ҚҰБ-тың стрит-арт сияқты қазіргі заманғы жастар өнерін қолдауға арналған алғашқы коллаборациялық монета жобасы, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, монетаның дизайнында Қазақстан стрит-артының ең жарқын жұмыстарының бірі — REPAS командасының «Батыр бейнесі» граффитиі бейнеленген. Авторлардың бастамасы бойынша оны монетаның дизайнында пайдалану құқығы ҚҰБ-қа өтеусіз негізде берілді.

Монеталар proof сапамен күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана.

Күмістен жасалған монеталар кәдесый орамында мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлік сапа сертификатымен шығарылады.

ҚР Ұлттық банкі, Батырхан Шүкенов, коллекциялық монета

Сурет: ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық банкі, Батырхан Шүкенов, коллекциялық монета

Сурет: ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты қосымша ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында жарияланады.

18 мамыр 2022, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.