Атырау, 20 сәуір 06:12
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстан Президенті Үкімет басшылығымен кеңес өткізді

1 072 просмотра

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жиынға Премьер-министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу, Үкімет мүшелері және «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басшылығы қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Кеңес барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың, шекара маңындағы өңірлер ықпалдастығының кешенді мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы жиын соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Атап айтқанда, Қазақстан заңнамасына сәйкес және геоэкономикалық жағдайларды ескере отырып, Үкімет басшылығына екіжақты ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін реттеу міндеті жүктелді.

17 мамыр 2022, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.