Атырау, 27 сәуір 01:13
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Таубаев пен Басаровқа үкім оқылып жатқанда...

2 862 просмотра

Cудья Зарема ХАМИДУЛЛИНА сот үкімін түсіндіруге көшкенде Таубаев “позор” деп жиі айтып отырды. Ол сот үкімі айыптау қорытындысын қайталайтынын, істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет толығымен бұрмалап отырғанын мәлімдеді.

Таубаев “Сізге ұят емес пе?”- деп сұрады судьядан. Судья оған ескерту жасады. Таубаевтың әкесі «балама кінә артып отыр» деп мәлімдеді. Сот залында отырғандар арасынан да судья үкіміне наразылығын білдіріп жатты. Нұрлан Таубаев өзін қарауылдар алып кеткенше үкіммен келіспейтінін айтуын тоқтатпады.

Судья үкімді түсіндіру тұсын әрмен қарай оқуын жалғастыруға мүмкіндік бермесе, қарсы болса, залдан шығып кете алатындарын түсіндірді. Алайда, әр келіспеген тұстарында Таубаев “позор” деуін  жалғастыра берді.

Айтып өтейік, Таубаев пен Басаров тергеу абақтысында 20 ай отырды. Бұл уақыт екі еселеніп (40 ай), кесілген жаза мерзімінің бір бөлігі өтелген болып саналады.

Сот аяқталған соң Н.Таубаев БАҚ өкілдеріне өзін ұстаған сәттен бастап істің әділ тергелмегенін, Басаровтың кінәсін мойындауы құқыққорғау органдарының көрсеткен қысымынан болды деп мәлімдеді.

Адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВ «АЖ» тілшісіне үкіммен келіспейтінін және апелляциялық шағым беретінін жеткізді.


Айнұр САПАРОВА

Бейнежазбаны түсірген автор

17 мамыр 2022, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.