Атырау, 26 сәуір 15:27
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырауда «Хиуаз» қойылымының тұсауы кесілді

Сурет
1 129 просмотра

Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Әлия Дәулетбаеваның «Хиуаз» атты деректі драмасының тұсауы кесілді.

Қойылым камералық спектакль ретінде ұсынылды, көрермендер (шамамен 300-дей) сахнаға дейін орналастырылып, кейбіреулер басынан соңына дейін тік тұрып тамашалады.

Режиссёрі Мұқанғали ТОМАНОВ пен суретші Темірбек МҰХТАРОВ әйелдердің ерлік еңбегін шеберлікпен жеткізе білді. Гитлерліктер бомабалаушы полктің бұл ұшқыштарын "түнгі мыстандар" деп атаған. Ал шын мәнінде бұлар аңсаған армандары бар өрімдей жас қыздар еді. Көбі қан майданда Отан үшін жан берді. 

Актердың бәрі де шебер ойнап шықты. Әсіресе Хиуаздың майдандағы жас кезін Нұргүл ШМАНОВА керемет сомдаса, егде жасқа келген шағын Сәуле БӘЙМЕНОВА тамаша жеткізді.


Нұргүл ШМАНОВА:

- Хиуаз апамыздың рөлін сомдау оңай болған жоқ. Ол кісінің рухы өте жоғары. Ол туралы деректі фильмдерді зерттеп, өмірімен таныстым. Бір өкініштісі, оны тірі кезінде ел болып бағалай алмағанымыз. 

Айта кетейік, «Хиуаз» деректі драмасы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының репертуарына енген. Алдағы уақытта қайталанып көрермен назарына ұсынылып отырады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор 

18 мамыр 2022, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.