Атырау, 25 шілде 11:47
 дождьВ Атырау +28.2
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

«Алтын белгіге» үміткер ҰБТ-да төмен балл алса, мектеп басшылығы жауапқа тартылады

1 096 рет қаралды

«Алтын белгіге» үміткер түлек ҰБТ-да төмен нәтиже көрсететін болса, мектеп басшылығы жауапқа тартылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Алтын белгіге» үмітті талапкер ҰБТ-дан төмен балл алып, шекті балды жинай алмаса, мектеп басшылығын жауапкершілікке тартатын боламыз. Олардың ҰБТ-ны тиісті деңгейде тапсыру мен академиялық адалдық приципі біздің бақылауымызда.

Ертеңгі күні естімедік, білмедік деген әңгіме болмасын. Бұл мәселе бойынша мектеп басшылығы тікелей жауапкершілікке тартылады. Қажет болса, жұмыстан шығарамыз»,- деді ол.

17 мамыр 2022, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.