Атырау, 29 наурыз 03:32
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Ақтауда жоғалған сарбаз табылды

969 просмотра

Ақтауда жоғалып кеткен сарбаз үш күннен кейін табылды, деп хабарлайды 24.kz.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының мәліметінше, бүгін сағат 07:15 шамасында Ақтау қаласындағы полиция тірек пунктіне 6656-әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Бағлан Әділбеков өзі келген. 

Сарбаз ата-анасымен кездескен. Қазіргі кезде қызметтік тексеру жүргізілуде. 

Айта кетейік, осыған дейін жауынгердің 14 мамыр күні патрульдік күзет аяқталғаннан кейін әскери бөлімге келмей, өздігімен белгісіз бағытта кетіп қалғаны туралы айтқан болатынбыз. Ол 2021 жылдың маусым айында Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы арқылы әскерге шақырылған. 

Үйіне қайтуына 2 апта уақыт қалған.

Еске сала кетсек, таяуда Ақтауда әскери бөлімнен сарбаз қашып кеткенін хабарлаған едік.

17 мамыр 2022, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.