Атырау, 25 желтоқсан 06:49
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды

1 374 рет қаралды

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 939,3 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 939,3 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы сәуірде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,1 млрд теңге бөлінді.ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі

Ведомствоның мәлімдеуінше, 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 245 мыңнан асты.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 193 теңге болды.

17 мамыр 2022, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.