Атырау, 5 маусым 21:33
 дождьВ Атырау +25.4
$ 485.34
€ 564.45
₽ 6.53

Тоқаев Путинмен кездесті

1 132 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев РФ басшысы Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Борт N1 Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Екі ел басшылары ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммиті аяқталғаннан кейін кездескен. 

"Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастық саласы мен алдағы іс-шаралар кестесі талқыланды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өткен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысқан болатын. 

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-ның 30 жыл ішінде одан әрі дамуы үшін зор әлеуеті бар көпжақты ынтымақтастықтың нақты механизмі ретінде қалыптасқанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық мәлімдемесін қабылдады.

16 мамыр 2022, 22:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.