Атырау, 6 қазан 15:21
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қансорғышқа арналған «коктейль»

1 585 просмотра

Тоғызыншы жыл қатарынан «AG Dezinfectionservices» ЖШС дезинсекция жұмыстарына тендерді ұтып келеді. Кәсіпорын өз қызметін 63 миллион теңгеге ұсынды.

Бұдан бұрын Атырау әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам ҒҰМАРОВ қансорғыштармен күреске 2022 жылға бөлінген сома өткен жылмен салыстырғанда өзгермегенін, оның 126 млн теңге екенін айтқан болатын. Алайда, «AG DezinfectionServices» ЖШС директорының орынбасары Нұрлыбек АХМЕДИЯРОВТЫҢ айтуынша, компания бәсекелестерінен басым түсу үшін бағаны төмендетуге мәжбүр болған.

– Тендерге бұл салада тәжірибесі жоқ, арнайы жабдығы мен мамандары жоқ кәсіпорындар да қатысады. Бағаны түсіретін солар. Бұл нарықта жүргенімізге 12 жыл болды, бізде барлық қажетті құрал-жабдық, препарат, кадрлар да бар. Жабдықталуы бойынша елімізде 2-3 компаниямыз, тіпті фирмамыз жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы өз препараттарын шығарады, – дейді Н.Ахмедьяров.

Оның айтуынша, компания тұрғын үй мен су қоймаларын, ерік Мостовой, «Сасықсай» және «Квадрат» булану алаңдарын жоспарлы өңдеуге кіріскен. Ең проблемалы нысан – ерік Мостовой. Бұған дейін әкім Қайрат Оразбаевтың тұсында ерте көктемнен күздің соңына дейін канал тазартылып, су сорылатын. Биыл су сорылған жоқ. Мамырдағы жаңбырдан кейін ықшамаудандардың көшелерінде, әсіресе, ойпатта орналасқан «Берекеде» көп жерде шалшық су пайда болды.

Атырау тұрғындары соңғы кездері дәрілеушілерді көрмейтінін, яғни олар жұмыс істемейді деп шағымдануда.

- Жаңбырлы және желді ауа райында зиянкестермен күрес жүргізілмейді, өйткені ол тиімсіз. Ауа райы ашылған соң, қайтадан тұрғын үйлер мен ашық алаңдарды өңдеуге кірісеміз, - деп жауап береді дезинсекторлар.

Атыраудың масалары өте өміршең әрі барлық жағдайға оңай бейімделеді. Улы препаратты бір маусым қолданғаннан кейін қансорғыштар оған бейімделіп кетеді. Осыған байланысты дезинсекторлар: «Солфак», «Мистраль», «Бомбей», «Агран» және т.б. түрлі препараттарды араластырып, масаларға арналған «коктейль» дайындайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 мамыр 2022, 22:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.