Әлеуметтік желіде Жылыой ауданы әкімі Халел ЖАМАЛОВ «қызметтік лауазымынан босап қалыпты» деген ақпар тарады. Бұл хабардың рас-өтірігін білу үшін оқырмандар редакцияға хабарласқан еді.
«АЖ» комментарий алу үшін Х.Жамаловтың өзіне шықты.
- Өз жұмысымда жүріп жатырмын, бірақ осы айдың басында аз күндік еңбек демалысына барып келдім. Әлеуметтік желіде «еңбек демалысына шығып, жұмысқа шықпай, орнын өз еркімен босатады» деген ақпар тарағанын білемін. Бірақ мұның бәрі жалған, жұмысымнан кету ойымда жоқ. Қаншама жоспарлаған жұмысымыз бар, жасалып жатқаны бар, бәрін тындыруымыз керек қой, - дейді Жылыой ауданының әкімі.
- Орынбасарларыңыз ше? Ауыс-түйіс болып жатқан жоқ па?
- Осы мамыр айынан бастап орынбасарым Нұрлан ҚОНДЫБАЕВ өз арызы негізінде жұмысынан босады, ал екі орынбасарым Жантөре РАШЕВ пен Әнуар ШӘКІРОВ өз қызметтерін атқарып жүр. Құлсары қаласы әкімдігінде де еш өзгеріс жоқ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суретті түсірген автор