Атырау, 22 ақпан 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

​Шымкентте тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды

1 174 рет қаралды

Шымкентте тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Бұл шара изолятордан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылды, деп хабарлайды 24.kz.

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті аталған абақтының тағы 1 қызметкері жұмысынан босатылғанын хабарлады. Қазір тергеу изоляторында қызметтік тексеріс басталды. Қалалық полиция департаменті аталған жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 

Айта кетейік, 11 мамыр күні бұл изолятордан мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады деген күдікпен қамауда отырған күдікті қашып кеткен. Әлеуметтік желіге тараған видеожазбадан қашқынның абақты ішінде емін-еркін жүріп, еш қиындықсыз далаға шығып кеткенін көруге болады.

16 мамыр 2022, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.