Атырау, 24 сәуір 18:58
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Уақытша жол бар, жаңасы кейін салынады

Сурет
1 675 просмотра

Мамыр айындағы үш тәулік бойы жауған жаңбырдан қызылқоғалықтар көлік қатынасы бойынша біраз қиындыққа тап болған еді.

Көктемдегі өр суы арнасынан асып, Миялыны су басу қаупі орнағасын «Миялы-Қарабау-Индер» тас жолының Жанкелдин ауылы тұсы амалсыздан бұзылған болатын. Жауыннан кейін 200 метр жер ми батпаққа айналып, аудан орталығына жету мұң болды.

- Осы балшықтан көп адамның жеңіл көлігі өте алмады. Мұны кейбір пысықайлар табыс көзіне айналдырып, көлікті сүйреп өткізіп жіберу үшін 5 мың теңгеден ақша алды, - дейді әлеуметтік желіде наразылық білдіргендер.

Кейін аудан әкімі Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВТІҢ өзі барып, техникаларды ұйымдастырған.

- Су тасқынына байланысты жырылған «Миялы-Қарабау-Индер» тас жолы арқылы Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық округтерімен автокөлік тасымал байланысын орнату үшін уақытша тас жолды қалпына келтіру жұмысы жүрді. Техникаларды жұмылдырудың арқасында 3000 текше метр топырақ төселді. Алдағы уақытта осы жол астынан су өткізу қабілетін ескере отырып, теңгерім иесі - Атырау облысы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы арқылы бұрынғы бұзылған жолды қалпына келтіру үшін құрылыс жұмыстары іске асатын болды, - дейді аудан әкімшілігінің баспасөз қызметі.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

16 мамыр 2022, 21:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.