Атырау, 24 желтоқсан 17:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Саябақта хит әндер шырқалды

Сурет Бейнежазба
2 005 рет қаралды

Демалыс күні Тұрғындар қалашығы саябағында концерт өтіп, талантты жас әншілер жастар арасында хит әндердің кавер нұсқасын орындады.

Шараны әр салада жүрген өнерлі жастардың басын біріктіретін «Kilenhub» өнерлі жастар ортасы ұйымдастырған.

- Көпшілік ортаға шықпай, достарының арасында ғана өлең айтып, тасада жүрген таланттар көп, біз оларды көпшілік алдында өнер көрсетулеріне мүмкіндік беруді ұйғардық, - дейді «Kilenhub» құрылтайшысы Ерсұлтан БАҒЫТЖАНОВ. - Алдын ала хабарландыру жасап, ниет білдірушілерге әндерін бейнежазбамен түсіріп жолдауды сұрадық. Өтінім көп түсті, ішінде 20 өнерпаз таңдап алынды. Алдағы уақытта да осындай шаралар жалғасын табады деп ойлаймыз.

Жас орындаушылар қарапайым сахнада соло, дуэт, трио болып ән шырқады. Олардың өнерін жиналған 200-ге жуық адам тамашалады.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор  

 

16 мамыр 2022, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.