Атырау, 11 сәуір 05:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлының үйіне тінту жүргізді

1 460 рет қаралды

Антикор бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде және ол басқаратын ҚР Ұлттық музейінде тінту жүргізді, деп хабарлайды "Адырна" @kozachkow телеграм каналына сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер музейдің «Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі» көрмесін өткізуге жұмсаған шығынын тексеруде.

Бұл тендерді «Экспонат» ЖШС (директоры – Ұмсын Тобағабылова) 1,3 млрд теңгеге ұтып алып, көрме өткізген болатын.

Антикор бұл компанияның Ұлттық музей басшылығымен байланысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Қазір Арыстанбек Мұхамедиұлының туыстарының дүние-мүлкі де тексерілуде.

16 мамыр 2022, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.