Атырау, 6 қазан 15:34
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Мұнайшыдағы» тең есеп және «Неймар синдромы»

1 412 просмотра

14 мамырда «Мұнайшы» стадионында «Атырау» петропавлдық «Қызыл-Жар» клубымен кездесті. Алматыда «Қайратты» ойсырата жеңгеннен кейін аутсайдерден үш ұпай алу таза техникалық мәселе секілді көрінген. Бірақ бұлай болмады.

Алаң иелері шабуылмен бастады. Үшінші минутта-ақ жартылай қорғаушы Амандық НӘБИХАНОВ есеп ашқанымен, бірінші таймның соңына дейін ақ-жасылдар басымдылығын көрсете алмады. Бірақ екінші тайм басталған бойда гол соғумен көзге түсіп жүрген Андрия ФИЛИПОВИЧ тағы бір голды соқты. Есеп 2:0 болды. Осымен кездесуді ұқыптылықпен аяқтауға болатын секілді еді. Алайда төрт минут өткенде қонақтардың қорғаушысы Юрий БУШМАН есепті азайтып, 71-минутта да пенальти арқылы есепті 2:2-ге жеткізді. Осы жерде Филипович тағы да ерекшеленіп, есепті 3:2 қылды. Бірақ негізгі уақытқа қосылған минутта «Атырау» айып алаңында текетірес болып, соның салдарынан меймандар ойыншысы жанына батқан аурудан ыңырсып құлап қалды. Бірақ тағайындалған пенальти туралы білген соң, мәз болып орнынан тұрды.

Жігіттер, сендер еркек емессіңдер ме? Қашанға дейін бұлай жасауға болады, балаларыңыз сіздерді «дұрыс» түсінеді деп ойлайсыз ба?

Біздің ойыншылар да солай жасайтын болады, мәселе осында.

Әрине, олар пенальти соғып, қорытынды есеп 3:3 болды.

Келесі матч 19 мамырда «Мұнайшы» стадионында «Астана» командасымен өтеді.

Айнұр САПАРОВА

16 мамыр 2022, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.