Атырау, 24 желтоқсан 09:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Арыстағы жарылыс: тағы 48 кәсіпкерлік нысанға өтемақы төленеді

1 180 рет қаралды

2019 жылғы 24 маусымда Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шегіп, өтемақы ала алмай қалған 48 кәсіпкерлік нысанға өтемақы төленетін болды. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бизнесмендердің мәселесін шешуді Түркістан облысының әкімдігіне тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы жылдың 6 мамырында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде кеңес өтті. Нәтижесінже Түркістан облысының әкімдігіне қалған 48 нысанға өтемақы төлеу мәселесін шешу туралы тапсырма берілді, – деп жазды atameken.kz ақпараттық порталы.

Еске салсақ, осыдан 3 жыл бұрын Арыста әскери қоймадағы қару-жарақ жарылған кезде жақын маңдағы 464 бизнес нысаны зардап шеккені белгілі болып, соның 464-і өтемақы алған еді.

Оларға өтемақы «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі арқылы ашылған («Бизнес бизнеске» жобасы) арнайы қайырымдылық есепшотынан берілді.

16 мамыр 2022, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.