Атырау, 23 сәуір 14:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Бес кәсіпорында қазақстандық жұмысшыларға жалақыны аз төлеген

2 129 просмотра

Атырауда екі айлық тексеру жұмысы барысында ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілері, атап айтқанда, қазақстандық және шетелдік қызметкерлерге еңбекақы төлеудегі айырмашылық анықталды.

Мемлекеттік еңбек инспекциясының Атырау облысы бойынша басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВТІҢ айтуынша, бұл «Болашақ Атырау» ЖШС, «Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед Қазақстан» ЖШС, «ZONT» ЖШС, «ZONT» ЖК, «FSSA» ЖШС-не қатысты. Сонымен қатар, мысалы, «Болашақ Атырау» ЖШС-де қазақстандық және шетелдік жұмысшылар санының арақатынасы сақталмағаны анықталды.

Компанияларды жауапкершілікке тарту және заң бұзушылықтарды жою шаралары жүргізілуде, деп хабарлады И.Әубәкіров.

Айнұр САПАРОВА

14 мамыр 2022, 23:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.