Атырау, 26 сәуір 21:22
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Бұралқы иттердің жағдайы не болмақ?

Сурет Бейнежазба
1 625 просмотра

Бүгін, 14 мамырда Атырауда Ретропаркте рұқсат етілген митинг өтті. “Мейірімді жүрек” қоғамдық қорының жетекшісі Венера МАНАСОВА мен ерікті Мамучар ДЖАБАСОВ билік өкілдерінен жиылған жұртшылыққа иесіз иттерді аулау, ұрықсыздандыру және еркіндікке жіберуді жануарларды қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілер қозғалысына тапсыруды сұрағандарын айтты.

Митингке шыққандар қолдарына “Иттерді өлтіруге қарсымыз”, “Иттерді ұрықсыздандыру керек, өлтіруге болмайды, эвтаназияға қарсымыз”, “Жауыздықсыз Қазақстан”, т.б. плакаттарды ұстап тұрды.

- Қоғамға қауіпті емес иттерді эвтаназиямен ұйықтатып тастай ма деп қорқамыз. Себебі бізде иттің зоопсихологиясын анықтайтын кинолог мамандар жоқ деуге болады. Атырауда өзім және тағы бір адам бар, басқасы ҰҚК, ІІМ-дерде қызметтік иттердің психологиясын анықтай алады. Жақында қалада ит аулауға 8 млн бөлініп, тендерді «Inmarket» ЖШС ұтып алды. Олар әр итке 19 500 теңге есептеп отыр. Ал, ветклиникада ұрықсыздандырудың өзі 20 мың теңге тұрады. Біз де, “Доброе сердце” қоғамдық қоры атынан тендерге қатысып, жеңіліп қалдық. Біз барлық шығынды - итті аулаумен, күтумен, ұрықсыздандырумен айналысатын мамандардың, питомниктің шығынын ескеріп, әр итке 38 000 теңге есептеп шығардық. Сосын ол соманы 21 000 теңгеге дейін азайттық, бірақ бәрібір ұтылдық тендерде. Біз жаңа жеңімпаз компанияға сенбейміз, олар ауланған иттің 90 пайызын жояды деп ойлаймыз. Себебі, олардың мамандары мен тиісті ресурстары жоқ. Олар иттің көзін жоюмен айналысса, біз аулап, ұрықсыздандырып, екпе егіп, карантинге салып, чип, бирка тағып, паразиттерді улап, күтіп-ұстауды ұсындық. Тіпті, біз әр ит үшін жауапкершілік алуға дайын болғанбыз, - дейді Джабасов.

Оның өзі де кинолог, ит өсіріп, жаттықтырады. Бір қызығы, есімі де “бөрібасар” деген мағынаны береді.

Нәтижесінде итті өлтіруге қарсы петицияға қол жиналды. Әзірге оған 117 адам қол қойды.

Соңында шерушілер Қазақстанның әнұранын орындап, тарқады.

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

14 мамыр 2022, 23:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.