Атырау, 28 наурыз 19:34
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Балық ауларын жүз шақырымға дейін құрып тастаған

Сурет Бейнежазба
1 795 просмотра

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ресми өкілі Олег ТУШКАНОВ «Бекіре-2022» балық қорғау акциясының аралық қорытындысын хабарлады.

Оның айтуынша, акция басталғалы балық инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдары және ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасы бұзылған 901 фактні анықтаған. 675 тұлға (жалпы айыппұл сомасы 14,4 млн теңгені құрады) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

- Заңсыз айналымнан 18 тонна 441 келі балық (оның 1201,3 келісі бекіре тұқымдас балық, 755 грамм уылдырық), 104 су көлігі тәркіленді. Күн сайын Жайық арнасы мен теңіз аймағын сүзу нәтижесінде жалпы ұзындығы 116 шақырымды құрайтын 1649 дана заңсыз аулау құралдары алынды, - деді Тушканов.

Акция 31 мамырға дейін жалғасады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

14 мамыр 2022, 22:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.