Америкалық бизнесмен Илон Маск Twitter әлеуметтік желісін сатып алу келісімінің тоқтатылғанын айтты. Бұған ақпаратты тексеру және сервистегі жалған аккаунттардың санын нақтылау себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Twitter келісімі спам және жалған аккаунттар пайдаланушылардың 5%-дан азын растайтын мәліметтерді күту үшін уақытша тоқтатылды, – деп жазды Илон Маск твиттерде.
Миллиардер мәлімдемесінен кейін Twitter акциялары алдын ала сауда-саттықта 20%-ға құлдырады.
Бұған дейін АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) Маскты компания акцияларының бағасының өсуіне жол бермеу үшін сатып алу туралы ақпаратты жасырды деп күдіктенген болатын. Бұл оған акцияларды арзан бағамен тиімді сатып алуды жалғастыруға мүмкіндік берді.
Илон Маск АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп әлеуметтік желінің басшысы болған бойда өзінің Twitter аккаунтын қайтаруға уәде берді.