Атырау, 25 желтоқсан 05:03
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Антикор Маминге қатысты мәлімдеме жасады

1 879 рет қаралды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде экс Премьер-Министр Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Орталық коммуникацилар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ұлан Сарқұловқа «Бұрынғы Премьер-Министр Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс бар ма?» деген сұрақ қойылды.

«Бастапқыда барлық атышулы істерді айтып өткен едік. Бірден айтайын, Асқар Маминге қатысты қазіргі уақытта біздің агенттікте қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жоқ», деп жауап берді Ұ. Сарқұлов.

13 мамыр 2022, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.