Атырау, 24 қараша 18:01
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейлік әйел Димаш Құдайбергеннің тегін алды

1 415 просмотра

Ресей тұрғыны Кристина Алексеенко Димаш Құдайбергеннің тегін алды. Ол сүйікті әртісіне деген алғысын осылай жеткізгісі келген. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасына жариялаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Ресми түрде Құдайбергенова. Өзіме сондай ұнайды. Бұл фамилиямен есімім де күштірек естіле бастады.  2019 жылдың 7 қыркүйегінде Димаштың шығармашылығымен таныстым. Ди алғашқы секундтардан бастап менің жүрегімді жаулап алды. Сол кездің өзінде "Құдайберген(-ов)” деген сөздің өзі әдемі естілді. Кейде оның фамилиясын өзімдікіне қойып жүрдім. Бірақ оны шынайы деп қабылдамадым, тек әзіл үшін", - деп бөлісті Кристина.

Кристина 2021 жылы үш бірдей жақынынан айырылған. Айтуынша, қайғыға жұтылмай, бас көтеруіне Димаштың шығармашылығы себеп болыпты. 

"Мен оның әндерін көп рет қайталап тыңдадым. Даусын тыңдай отырып, жанымның бос кеңістігін толтырып, жүрегімнің ауырғанын бастым. Менің өмір сүруіме қажетті эликсир.  Димашпен мен өмірімнің әрі қарай жалғасатынын және өмір сүру керектігін түсіндім. Оның тегін маған жасаған бар жақсылығы үшін аламын. Өмірімде пайда болғаны үшін Димашқа алғысым шексіз", - деп бөлісті Кристина.

Әйелдің айтуынша, Димаш оның жүрегін, ал ол Димаштың тегін ұрлаған.

13 мамыр 2022, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.