Атырау, 25 желтоқсан 05:03
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қазақстанда АЕК пен ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

1 453 рет қаралды

"2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанда бірқатар есептік көрсеткіш мөлшері өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда есептік көрсеткіштер мөлшері мынадай болады:

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 20 191 теңге (бұрын - 19 450 теңге);
  • ең төменгі зейнетақы - 48 032 теңге (бұрын - 46 302 теңге);
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 180 теңге (бұрын - 3 063 теңге);
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі - 37 389 теңге (бұрын 36 018 теңге).

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған болатын.

13 мамыр 2022, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.