Атыраулық полицейлер бір апта ішінде айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 37 жүргізушінің автокөлігін арнаулы тұраққа қойды.
Бұл көліктердің жүргізушілері жылдамдықты асыру, жол белгісі талабын орындамау, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өту қағидаларын бұзған.
Яғни, тәртіп бұзушылар айыппұл туралы хабарлама алған, бірақ оны төлеуге асықпаған. Мәселен, 3 мамырда ҚПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері “Interceptor” іздеу жүйесі арқылы 245 145 мың теңге сомада төленбеген 14 айыппұлы бар РФ-да тіркелген ВАЗ-2114 көлігін анықтаған. Көлік айып тұрағына жеткізілді, ол иесі айыппұлды төлегенше осы жерде қалады.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА