12 мамырдағы күн қорытындысы:
- Украина Мариупольде "Азовсталда" болған 38 жаралы әскерилерді эвакуациялау туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлады вице-премьер.
- CNN Ресей әскери күштері наурыз айының ортасында Киевке жақындағанда автосалон қызметкерлеріне ту сыртынан оқ атқан бейнежазбаны жариялады.
- Wall Street Journal: Ресей әскери күштері Киев облысындағы екі ауылдың арасындағы жолды минометтермен атқылады, ол жерде наурыз айында 37 бейбіт тұрғынның денесі табылған еді.
- БҰҰ мәліметтері бойынша 6 миллионнан астам украиндықтар соғыстан қашып, елден кетті- Ресей әскери күштері Луганск облысындағы Северский Донец өзенінен өтуге сәтсіз әрекеттен кейін кем дегенде 73 бірлік техниканы жоғалтты, деп есептейді BlueSauron osint жобасы.
- Днепропетровск облысында атыс кезінде бір бейбіт тұрғын қаза тапты, Сумы облысында бір адам қаза тапты.
- Донецк облысында бір күнде төрт бейбіт тұрғын қайтыс болды, Чернигов облысында-үшеуі, Харьков облысында-екеуі, деп хабарлады жергілікті билік.
* * *
Украинада әуе шабуылынан мектептер қиратылды.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
- Бүгін түнде олар Чернигов қаласын атқылады. Шаһардың мектептерін жарып жіберген. Ресейдің Украинадағы мектептерді қиратқандағы көздегені не? Бұндай бұйрық берген командирлердің естері ауысқан шығар. Біз жерімізді жаудан азат еткенше соғысамыз.
* * *
"Өз сілекейлеріңізге тұншықпаңыздар". Ресейдің экс-президенті ядролық соғыс қаупі барын айтты
Медведев Батыс елдеріне "өзін де, басқаларды да алдамауға" кеңес берді.
"Сіздер өз әрекеттеріңіздің ықтимал салдары туралы ойлануларыңыз керек. Русофобияның пароксизмдерінде өз сілекейлеріңізге тұншықпаңыздар", - деп жазды Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Медведевтің мәлімдемесіне түсініктеме берді:
"Ресей мен НАТО-ның тікелей қақтығысынан бәрі де аулақ болғысы келеді. Ресей де. НАТО-да бұл туралы бірнеше рет мәлімдемелер жасалды, менің ойымша, ең бастысы Вашингтонда", - деді Песков.
Ол егер қандай да бір тарап Украинадағы "арнайы әскери операцияға" араласуға тырысса, Ресей "табанды жауап беруге дайын" екенін айтты.
* * *
Turkish Airlines компаниясы мен бірнеше интернет-дүкен санкцияларға байланысты "Мир" картасымен төлем қабылдауды тоқтатқан. Бұл мәселеге "Известия" басылымы назар аударған.
Бүгінде Turkish Airlines компаниясынан билет сатып аларда "Мир" Сбербанк, ВТБ және "Тинькофф" карталарымен төлем жасайтын кезде жүйе клиентті несие ұйымына жүгінуді немесе басқа әдістерді қарастыруды сұрайтын болған. Кейбір қолданушы билетті UnionPay жүйесі арқылы төлеп сатып алып жатыр.
"Мир" картасымен төлеу мүмкін емес екенін эмигранттар әлеуметтік желіде жазып жатыр. Мысалы, ресейлік әйел Trendyol қосымшасында онлайн сатып алу мүмкін болмай отырғанын жазған. Евгений есімді қолданушы Түркияда "Мир" карталары жұмыс істемейтінін, басқа адамға ақша жіберу мүмкін емес екенін айтады.
Тағы бір ресейліктің сөзінше, Pegasus Airlines компаниясы тек түрік карталарымен төлем қабылдайды екен, ал "Мир" және UnionPay арқылы төлем жасау мүмкін емес. Оның сөзін дәл сондай проблемамен кезіккен қолданушы растап отыр. "Наурызда "Пегасустан" алған билетімді төлемек болдым, "Мир" картасы арқылы төлей алмадым", - дейді ол.
Ақпараттар Медиазона, 24.kz, Tengrinews.kz басылымдарынан алынды.