Атырау, 27 сәуір 02:23
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Заңға қайшы 700-ге жуық интернет-ресурсқа шектеу қойылды

1 019 просмотра

Қазақстанда заңға қайшы 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды. Бұл туралы Sputnik ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Комитет Қазақстан заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан әлеуметтік медианы қоса алғанда, ақпараттық алаңға тұрақты негізде мониторинг жүргізетінін атап өтті.
"2022 жылғы 1-30 сәуір аралығында "Байланыс туралы" заңның 41-1 бабы 1-1 тармағына сәйкес уәкілетті органның ұйғарымымен 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды", - делінген хабарламада.
Олардан мынадай заңбұзушылықтар анықталды:
экстремизмді насихаттау – 5;
порнография тарату – 133;
есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттау – 20;
ойын бизнесі – 272;
жарнама – 24;
әкімшілік құқықбұзушылық – 4;
алаяқтық – 197;
баланың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыру – 18.
13 мамыр 2022, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.