Атырау, 10 қазан 16:34
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Соғыстан қашқан ресейліктер Нұр-Сұлтан мен Алматыға табан тірейді

1 678 просмотра

Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде Қазақстанда 100 мыңнан сәл астам ресейліктер жүрсе, жыл басынан бері олардың 6300-і ғана жұмыс жасауға келген. Негізгі лек елорда мен Алматыда байқалады, Атырауда келушілер легі жоқ.

– Жыл басынан бері Ресейден Атырауға уақытша тұруға 734 адам келген. Бүгінде 18-і тұруға ықтиярхат алды. Салыстыратын болсақ, былтырғы осы кезеңде бізге 523 Ресей азаматы келді, - деп хабарлайды Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.

Басқа аймақтағы әріптестер қазір банктерде ұзын-сонар кезек пайда болғанын айтуда. Ресей мен Украинадан келушілер шот ашып жатыр екен. Сауда орталықтары мен мейрамханаларға келушілер көбейген.

«Қазақстанның Халық жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының басшысы Жанна МАЙКОПОВАНЫҢ айтуынша, банктің жергілікті бөлімшесінде шот ашқысы келетін ресейліктер көп емес. Басқа банктердің филиалдарында да мұндай үрдіс байқалмайды.

Рас, шет мемлекет азаматтары қазақстандық серіктестері мен туыстарының атына есепшот ашатын тәжірибе бар. Бірақ мұнда да, Ж.Майкопованың айтуынша, банктер мұндай жайттарды өте мұқият қадағалап отырады және біздің өңірде мұндай қолданылмайды деп мәлімдей алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 мамыр 2022, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.