Атырау, 20 сәуір 18:05
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстан халқы Түркияға енді жиі қатынай алады

1 008 просмотра

13 мамырдан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейсі екі есеге артады. Қосымша рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Өскемен қалаларынан ашылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 мамырдан бастап қос ел арасындағы апта сайынғы рейс саны 124-ке дейін артады.

13 мамырдан бастап Air Astana, SCAT және Turkish Airlines әуе компанияларының Анталия мен Бодрумға рейстері біртіндеп артады. Қосымша рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Өскемен қалаларынан орындалады.Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев

SCAT Нұр-Сұлтаннан (аптасына 7 рейс), Алматыдан (6), Ақтөбеден (3), Атыраудан (3), Шымкенттен (2), Қарағандыдан (2), Оралдан (2), Анталияға аптасына 29 жаңа рейс ұсынады. Қостанай (2) Ақтау (1), Өскемен (1). Air Astana аптасына 18 рейс орындайды – Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Анталияға (7) және Бодрумға (2) .

Turkish Airlines Анталияға аптасына 16 рейс орындайды – Нұр-Сұлтаннан (5 рейс), Алматыдан (4) және Қарағандыдан (3), сондай-ақ Бодрумға Нұр-Сұлтаннан (2) және Алматыдан (2) рейстер ашылады.

Қазір қос ел арасындағы тұрақты рейстер аптасына 61 жолаушы рейсі жиілігімен орындалып жатыр. Air Astana, Fly Arystan және SCAT 37 рейс, Turkish Turkish Airlines және Pegasus 24 рейс жасайды. Жолаушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Түркістан қалаларынан Стамбул, Анталия және кері ұша алады.

12 мамыр 2022, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.