Атырау, 26 сәуір 17:08
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Зейнет жасын төмендету мәселесі талқыланады

987 просмотра

Қазақстан үкіметі зейнет жасын төмендету мәселесін талқылауға дайын. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол бұл мәселеде халықаралық тәжірибе ескерілетінін айтты.

"Жалпы алғанда халықаралық тәжірибе зейнет жасын төмендетуді көздемейді. Бүгінде бұл мәселені шахтерлер ғана көтеріп жүрген жоқ. Мүгедек баласы бар аналар да қозғап жүр. Сол себепті біз талқылаймыз. Жыл соңына қарай Әлеуметтік кодекс талқыланады. Бірнеше талқылау өтеді, сіздер де оған қатысасыздар", - деді Тоғжанов үкімет кулуарында журналистерге.

Вице-премьер қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесі күн тәртібінде тұрғанын атап өтті.

12 мамыр 2022, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.