Атырау, 19 сәуір 06:31
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Республикалық референдум өткізуге 16,4 млрд теңге бөлінеді

1 002 просмотра

Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдумды өткізуге бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Алдағы республикалық референдумға мемлекеттік бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Бұл есептеулерді Орталық сайлау комиссиясы ұсынды. Біз бүгін бұл шешімді үкімет қаулысымен қабылдадық", - деді Жамаубаев  үкімет кулуарында.

Еске салсақ, республикалық референдум биыл 5 маусымда өтеді. Қазақстан Конституциясының 33 бабына түзетулер енгізу көзделіп отыр. Үгіт жұмыстары 4 маусымда сағат 00.00-де аяқталады. Референдумның алдындағы күні және референдум өткізілетін күні үгіт жүргізуге тыйым салынады.

12 мамыр 2022, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.