Атырау, 20 сәуір 14:29
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жыл басынан бері Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,4%-ке өсті

681 просмотра

Төрт ай ішінде Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,4%-ке өсті. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Осы жылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% құрады. Негізгі трендтер бойынша есепті кезеңде нақты сектор өсімінің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, қызмет көрсету секторында тұрақты динамика байқалуда", - деді Қуантыров үкімет отырысында.

Айтуынша, нақты сектордағы өсім 5,1%-ке жеткен. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ке дейін ұлғайды.

Сауда, құрылыс, көлік және қойма, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен жабдықтау, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салалары да оң өсім көрсетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,3%-ке өсті.

Сонымен қатар биыл қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 45,3%-ке өсіп, 28,7 миллиард долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 65,8%-ке өсіп, 19,1 миллиард долларға дейін жетті. Тауарлар импорты 9,5 миллиард долларды құрады.

"Жалпы, оң сауда балансы жақсарып, 9,6 миллиард долларға дейін өсті", - деді министр.

Өңдеу өнеркәсібінде де серпінді өсу үрдісі байқалуда. Жыл басынан бері өндіріс көлемі 5,8%-ке өскен.

12 мамыр 2022, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.