Атырау, 24 шілде 15:21
 дождьВ Атырау +37.1
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92

Қытайда жолаушылар ұшағы өртенді

1 230 рет қаралды

Бейсенбі күні таңертең Қытайдың Чунцин халықаралық әуежайында Чунцин-Лхаса бағытындағы ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ұшақта 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі. Бұл туралы әуежай хабарламасында айтылған. 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі эвакуацияланды, зардап шеккендер бар.

Хабарламаға сәйкес, 12 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:09-да Tibet Airlines компаниясының 122 жолаушысы мен экипажы бар ұшағы ұшу-қону жолағынан сырғып шығып, өртеніп кеткен. Оқиға Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласындағы «Цзянбэй» халықаралық әуежайында болды. 

Барлық 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қауіпсіз жерге шығарылды. Жарақат алған 40-тан астам жолаушы ем алу үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді. Қазіргі уақытта Чунцин Цзянбей халықаралық әуежайында ұшу-қону рейстері қалыпты жағдайға оралды. Оқиғаның себебі анықталуда.

12 мамыр 2022, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.