Атырау, 24 қараша 17:39
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ Конгресі Украинаға көмек ретінде 40 млрд доллар бөлді

1 068 просмотра

Сейсенбі күні АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы Украинаға әскери, экономикалық және гуманитарлық көмек ретінде 40 млрд доллар көмек көрсету жөніндегі заң жобасын қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Бұл Джо Байден әкімшілігі сұрағаннан 7 млрд долларға көп. Конгресс Ресей Украинаға шабуыл бастағаннан бері екінші рет ірі көлемде сомада көмектесіп жатыр. Наурыз айында 13,6 млрд доллар бөлген. Жалпы 24 ақпаннан бері Америка Украинаға 50 млрд доллар көмек көрсетті.

Конгресстің төменгі палатасында сөз сөйлеген өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси АҚШ Украинаны қолдай отырып, диктатураға қарсы күреседі деді.

"Демократия жеңіске жетуі тиіс. Украина халқы өзінің және біздің демократия үшін күреседі", - деді ол.

Соңғы бөлінген сомадағы 15 млрд доллар украин армиясына әскери техника сатып алуға жұмсалады. 14 млрд доллар украин босқындарына гуманитарлық көмек ретінде, 5 млрд доллар астық тапшылығын жоюға, бидай, жүгері сатып алуға жұмсалады.

11 мамыр 2022, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.