Атырау, 20 сәуір 09:52
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жалдамалы пәтер ақысын 50% субсидиялауға құжат жинау жүріп жатыр

1 706 просмотра

Пәтер ақысын 50 пайызға субсидиялауға арналған мемлекеттік бағдарламаға 2022 жылға елімізде 50 млрд теңге, оның ішінде 10 млрд теңгені жергілікті бюджеттен бөлу жоспарланған. Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша 50 млн теңге бөлінген.

«Отбасы банк» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Батыр НҰРБОЛАТТЫҢ айтуынша, бағдарламаға өтініш қабылдау 18 сәуірде басталып,  қазіргі кезге дейін Otbasybank.kz сайтында онлайн жүріп жатыр. 

Мемлекеттік бағдарламаға кімдер қатыса алады:

- І және ІІ топ мүгедектері;

- мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуші отбасылар;

- жетім балалар;

- «Алтын алқа», «Күміс алқамен», бұрын «Батыр ана» атағын алған, І, ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналар және көп балалы отбасылар.

Отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы тиіс.

Атырау облысында пәтер жалдау құны орташа алғанда шаршы метрге 2172 теңгені құрайды. Отбасында 3 адам болса – 86 894 теңге, 5 адам болса – 130 340 теңге, 6 және одан көп болса 173 787 теңге көлеміндегі пәтерді жалдай алады. Мемлекет осы қаржының 50 пайызын субсидиялайды.

Сонымен қатар, отбасындағы жалақының орташа көрсеткіші ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс.  Бүгінгі күні ең төменгі күнкөріс көлемі - 36 018 теңге. Мәселен, ерлі-зайыптының 3 баласы болса, олардың ортақ табысы 180 090 теңгеден аспауы тиіс.   

Атырау бойынша тізімде 2829 азамат тіркелген, бірақ алдағы уақытта өзгеруі мүмкін. Тұрғындар өтініш бергеннен кейін 1 айдың ішінде жалдайтын үй табуы қажет. Қазір тек үміткерлер өтініштеріне келісім алып жатыр, деп хабарлады «Отбасы банк».

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

11 мамыр 2022, 18:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.