Атырау, 18 сәуір 14:17
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

«Галстуксіз» бес сағат: облыс әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

Сурет
2 216 просмотра

Облыстың жаңа басшысы Серік ШӘПКЕНОВТІҢ жергілікті бизнес өкілдерімен алғашқы кездесуі «галстуксыз» форматта өтті.

Облыстағы бүкіл шаруаны толғандыратын мәселенің бірі – шаруашылыққа қажетті су тапшылығы.

– Шаруашылығымыз Атырау ауылдық округінде орналасқан, егістікпен айналысамыз. Былтыр каналдың суы кеуіп, өнім ала алмай қалдық. Жергілікті билік бұл мәселеден хабардар, тереңдету жұмыстары жүргізіледі деп уәде берді, әзірге нәтиже жоқ. Биыл қорқынышпен егістік алқабын егіп қойдық, әзірге су бар, егер жазда су жетпей жатса, тағы да бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Барша шаруалар атынан осы мәселені шешуіңізді сұраймыз, – деді өңір басшысына «Алға» шаруа қожалығының өкілі Ғанима БАЙМЕНОВА.

С.Шәпкеновтің жауабында былай делінген: биыл тереңдету жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, жұмыс келесі жылы ғана басталады. Өйткені белгілі бір процедуралардан өту керек. Әзірге әкімдік шаруаларды сумен қамтамасыз етудің балама жолдарын қарастыруда. Бүгінде бұл өңірдегі басым міндеттердің бірі.

Атырау облыстық геотехникалық орталығының директоры Роман ОЛИВКО олардың кәсіпорнының ғимараты қаланың Бас жоспарына сәйкес, күрелуге жататынын, бұл кәсіпорынның таралуын білдіретінін айтты.

- Нәтижесінде 24 адам жұмыссыз қалады, оның 10-ы жоғары білікті, «дара» мамандар. Геотехникалық орталықтың құрылғанына жарты ғасырдай уақыт болды, инженерлік-геодезиялық, геологиялық және гидрологиялық жұмыстармен айналысамыз. Осы жылдар ішінде 4 мыңнан астам нысан бойынша зерттеу жүргізілді. Атырауда ғимараттардың жартысына жуығы біздің зерттеуімізге сәйкес салынған. Бұл жөнінде облыс әкімдігіне бірнеше рет жүгіндім, бірақ жауап болмады.

Серік Шәпкенов кәсіпорынның маңыздылығына тоқталып, «заң аясында» көмек көрсетуге уәде берді. Әңгімеге Атырау әкімінің орынбасары Ерболат ОМАРОВ қосылды. Оның айтуынша, кәсіпкерге әкімдіктің балансында тұрған екі ғимаратты таңдау ұсынылған, бірақ олар көңілден шықпаған. Р.Оливко оның компаниясы орналасқан ғимараттың ауданы 500 шаршы метрден асатынын, ал оған ауданы 100 шаршы метрден аспайтын нысандар ұсынылғанын, мұның техникалық параметрлерге сәйкес келмейтінін айтты.

– Ескі және тозығы жеткен ғимараттарды бұзу туралы жоспарға сәйкес шешім қабылданғанын түсінуіңіз керек. Бұл жағдайда ғимараттың иесіне өтемақы төленеді. Сізді жақын күндері қабылдаймын, қала басшылығымен бірге мәселеңізді қарастырамыз. Сол уақытқа дейін жұмысыңызды жалғастыра беріңіз, қала басшылығына тиісті тапсырма беремін, – деп сөзін түйіндеді облыс әкімі.

Кездесуде  Атырау облысы фермерлері қауымдастығының өкілдері де сөз сөйлеп, инженерлік инфрақұрылым мен субсидия алу мәселесін көтерді. С.Шәпкенов агроөнеркәсіп кешенінің мәселелерін шешу үшін нақты бағдарлама қажет екенін атап өтті. Шаруалар оны әзірлеуге белсенді атсалыса алады, ал облыс басшылығы өз кезегінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының жергілікті филиалы өкілдері жекеменшік балабақша үшін жан басына қаржыландыру көлемін арттыруға жәрдемдесуді сұрады. Өйткені қолданыстағы баға пайданы айтпағанда, шығындарды өтей алмайды. Өңір басшысы да бұл мәселені өз бақылауына алды.

Бизнесмендердің әкіммен кездесуі бес сағатқа жалғасты. Алдағы уақытта мұндай кездесуді жүйелі түрде өткізу жоспарланып отыр. Облыс әкімінің алдында көтерілетін мәселелерді жинақтаумен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы айналысады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА    

ӨКП ұсынған суреттер

6 мамыр 2022, 23:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.