Атырау, 26 сәуір 10:10
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Өлі қасқырдан қалай табыс табуға болады

1 797 просмотра

Атырау облысында жыл басынан бері қасқыр мен қорқауды атуға 802 лицензия берілген.

Атырау орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы 2022 жылға арналған лицензиялар 20 қаңтардан беріле бастағанын хабарлады. Жалпы биыл облысымызда 1073 қасқыр мен 1471 қорқауды атуға лимит белгіленген.

Жақында 7 миллион теңгеге қасқырдың санын азайту, оның ішінде жыртқыштардың фрагменттерін жою шарасын өткізу бойынша конкурс жеңімпазы анықталды. Аумақтық инспекцияның жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Нұрлан ИМАНҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, қасқыр мен қорқау терісін қабылдауды «Мамутова Р.» ЖК ұтып алған. Теріні қабылдау орны: Еркінқала ауылы, 36-көше, 3 А-үй, тел. (+7778) 859 63 91. Теріні тапсыру кезінде жеке куәлігіңіздің көшірмесі, аңшылық куәлігіңіздің көшірмесі, лицензияның көшірмесі, ветеринариялық анықтама және ақша аударуға арналған шоттың көшірмесі болуы керек. Ересек қасқыр терісінің бағасы - 10 АЕК (31 800 теңге), бөлтірік пен қорқау терісі - 5 АЕК (15 900 теңге).

Айтпақшы, жыл сайын бұл тендерді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы өткізеді. Біз салыстыру үшін мемлекеттік сатып алу порталындағы соңғы жылдардағы ұқсас тендерлерді қарап көрдік. 2019 және 2021 жылдары ашық конкурсты ақтөбелік «Аманат А.К.» ЖШС ұтып алған. 2019 жылы жыртқыш аңның терісін жоюға бюджеттен 7 миллион 500 мың теңге бөлініп, оның (құжат бойынша) 6 миллион 450 мың теңгесі игерілген.

2021 жылы осы ұйым ашық конкурсты дәл осындай сомаға ұтып алып, 6 миллион 364 мың теңге жұмсаған.

Н.Иманғалиевтың айтуынша, бұрын бұл қызметті аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы атқарған.

Айнұр САПАРОВА

6 мамыр 2022, 20:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.