Атырау, 22 қараша 01:45
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Зарықтырған баспана

1 943 просмотра

«АЖ»-ға Құлсары қаласының тұрғыны хабарласты. Олар өткен жылы пайдалануға берілуі тиіс баспаналарына әлі күнге дейін қол жеткізе алмай отырғандарын айтып шағымданды.

100 пәтерлік  үш үйдің құрылысы үш жылдан бері салынып жатыр. Ал өткен жылы аудан әкімі Халел ЖАМАЛОВ 2021 жылдың аяғында жаңа пәтердің кілті тапсырылады деп мәлімдеді.

- Әкім неге уәделі сөзінде тұрмады, үй құрылысы неге ұзаққа созылып кеткен? Біз бұл баспананы күткенімізге көп болды ғой. Үй кезегінде жылдар бойы тұрмыз, әрі пәтер жағалап, тапқанымызды үй жалдауға беріп отыру әбден титықтатып жіберді, - дейді редакцияға хабарласқан құлсарылықтар мазасызданып.

Біз Жылыой әкімдігінен комментарий алуға тырыстық. Аудан әкімі Х. Жамалов кезекті еңбек демалысында болып шықты, ал оның орынбасары Жантөре РАШЕВ бізді осы нысанның тапсырысшысы - құрылыс бөліміне сілтеді. Бөлім басшысы да еңбек демалысында болды, ал оның орынбасары Д. СӘДУОВТІҢ айтуынша мердігер мекеме - «Каспийская Кадровая Ассоциация» ЖШС-ін ауданаралық экономикалық сотқа берген. Сот құрылыс компаниясын 1 маусымда үйдің құрылысын аяқтауға міндеттеген.

...Құлсарыда 4 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл кезек қозғалмай тұр деуге болады. 2016 жылы 3 қатарлы үш үй пайдалануға берілгеннен кейін құрылыс мүлдем жүрмеген. Жалпы қалада тозығы жетіп, күйі кеткен баспаналар жетерлік. 123 баспана ескірген, 70 жылы салынған: көшедегі үйлердің сұрықсыз күйі қаланың көркін алып-ақ тұр. Ал жаңа тұрғын үй салуға қатысты проблемалар жеткілікті екенін көріп отырмыз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

6 мамыр 2022, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.