Атырау, 15 қараша 09:20
 дождьВ Атырау +5.9
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41

Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді

2 238 рет қаралды

5 мамырда Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматына қарсы қару қолданған, - деп хабарлайды 24.kg.

Оқиға Джалал-Абад облысы Ала-Бука ауданы Актам ауылдық әкімшілігіне қарасты Добо-Коргон елді мекенінде болған. Үш қырғызстандық оқ жарақатын алып, Ала-Бука ауданындағы ауруханаға жеткізілген. Сол жерде олар есін жимастан қаза болған.

"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ала-Бука бағыты бойынша Қырғыз Республикасының шекара өкілі Өзбекстанның Янги-Курган бағыты бойынша шекара өкілімен кездесу өткізді. Тараптар қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша кездесуді 6 мамырда жалғастыруға келісті. Дерек бойынша тергеу амалдары басталды", - деді Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өкілдері.

6 мамыр 2022, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.