Атырау, 24 қараша 17:43
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы соғыс: 70-күн

1 517 просмотра

Украинадағы соғыс туралы ақпарат "Азаттық радиосы", "Қамшы" басылымдарынан алынды.

Мариупольден 156 адам эвакуацияланды, Ресей әскері "Азовсталь" зауытына басып кіруге талпынып жатыр.

Ресей әскері қоршауындағы Мариупольде 3 мамырдан бері "Азовсталь" зауытынан жүзден астам адам эвакуацияланған, барлығы Запорожье қаласына жеткізілген. Бұл жөнінде Мариуполь қалалық кеңесі хабарлады. Украина билігінің айтуынша, Ресей күштері "Азовсталь" зауытын басып алуға талпынып жатыр. Аталған зауытта Украина әскерилері бар.

Мариуполь қалалық кеңесінің хабарлауынша, Запорожьеге келген азаматтарға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Украина премьер-министрінің орынбасары Ирина Верещуктің хабарлауынша, "Азовсталь" зауытынан 156 адам эвакуацияланған. Кәсіпорын аумағында тағы бірнеше жүз адам қалған, қалада жалпы ондаған мың әйел, бала, қарт бар.

"Қалада дәрі-дәрмек, су жоқ, байланыс та жоқ" деді 3 мамыр күнгі брифинг кезінде Ирина Верещук.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш осыған дейін гуманитарлық үзіліс жиі болып, азаматтарды эвакуациялауға көбірек мүмкіндік болатын шығар деп үміттенетінін жеткізген.

3 мамырда Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесіне қарасты Стратегиялық коммуникациялар орталығы Ресей әскері Мариупольде "Азовсталь" зауытына қайта штурм жасай бастады деп мәлімдеді.

Мариуполь мэрі Вадим Бойченконың айтуынша, 200-ден астам азамат "Азовсталь" зауытында жасырынып отыр.

24 ақпанда Ресей әскері Украинаға басып кіргеннен кейін бірнеше күннен соң Мариуполь қаласы қоршуда қалған. Онда қалған Украина әскері екі айдан бері Ресей күштеріне төтеп беріп жатыр. Қазір қаладан азаматтар мен жаралы әскерилерді шығаруға талпыныс жасалып жатыр.


* * *

Ресей Сыртқы істер министрлігі Израиль Сыртқы істер министрін "тарихқа қарсы мәлімдемелер жасады" деп айыптады.

Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Гитлерде "еврейдің қаны бар" екенін және "ең агрессивті антисемиттер әдетте еврейлер болады" деген ойын айтқан.
 
Израильдің сыртқы істер министрі Яир Лапид Лавровтың мәлімдемесін "кешіруге болмайтын" мәлімдеме деп сипаттап, оның қорқынышты тарихи қателік жасағанын айтады. Лапид "Холокостта еврейлер өздерін өлтірген жоқ" деп кешірім сұрауды талап етті.
 
Бірақ сейсенбі күні Ресей сыртқы істер министрлігі Лавровтың пікірін тіпті де құптай түсіп, Лапидті "тарихқа қарсы мәлімдемелер жасады" деді. Сонымен қатар, "бұл – Израильдің қазіргі үкіметінің Киевтегі неонацистік режимді неліктен қолдайтынын негізінен түсіндіреді" деп жазды Ресей сыртқы істер министрлігі .
 
Ресей "Украина үкіметін неонацистер басқарады" деген негізсіз мәлімдемелерді өзінің басқыншылығын ақтау ретінде қолданып келеді.
 
Израиль мен Ресей арасындағы "сөз соғысы" екі ел арасындағы соңғы уақыттағы ең күрделі дипломатиялық дағдарысқа айналу қаупін тудырып тұр.
 
Израиль Украинамен де, Ресеймен де достық қарым-қатынаста және Украинадағы соғысты тоқтату үшін халықаралық делдалдыққа ұмтылған.

4 мамыр 2022, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.