Атырау, 6 қазан 19:23
 ашықВ Атырау +11
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

1-сынып оқушысын шапалақтап жіберген педагогтың ісі қайта қаралады

899 просмотра

Мектеп дәлізінде оқушысы қызды бетінен шапалақпен тартып жіберген адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Зардап шеккен қыздың ата-анасы агрессия көрсеткен мұғалімге қатысты қолданылған жазаны қайта қарауды талап етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 12 сәуірде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-гимназиясында орын алған.

Түпқараған аудандық білім бөлімінің 12 сәуірдегі бұйрығы бойынша Ақшұқыр мектеп-гимназиясының мұғаліміне "қатаң сөгіс" жарияланды. 14 сәуірде жоғарыда көрсетілген бұйрық негізінде педагог өз еркімен жұмыстан шығарылды.Маңғыстау облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Сонымен қатар, мектеп-гимназия директоры "ескерту" түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта ата-ананың бұл шешіммен келіспеуіне байланысты мәселе қайта қаралып, тиісті шаралар қабылданатын болады.Маңғыстау облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Айта кету керек, баланың ата-анасы жұмыстан кеткен мұғалімді оқытушылық қызметпен айналысу құқығынан айыруды және болашақта білім саласына жолатпауды талап етеді.

4 мамыр 2022, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.